Грант ала алмаған талапкерлерге тағы 10 мың грант бөлінеді: Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

263

Ақпаратқа қатысты ғылым және жоғары білім министрлігі пікір білдірді. 

Грант ала алмаған талапкерлерге тағы 10 мың грант бөлінеді: Министрлік ақпаратты жоққа шығарды Фото: лада.кз

Ғылым және жоғары білім министрлігі грант ала алмаған талапкерлерге қосымша 10 мың грант бөлінеді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та биылғы түлектерге қосымша 10 мың грант бөлінгені туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратқа қатысты ғылым және жоғары білім министрлігі пікір білдірді.

“Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бұл жаңалық министрдің 6 тамыздағы сөзіне негізделген. Яғни, ол кезде әкімдердің, жоғары оқу орындарының, жеке қорлардың гранттары арқылы грант иегерлерінің тізіміне енбеген талапкерлерге қосымша тегін білім алу мүмкіндігін беру туралы ақпарат айтылған", – делінген министрлік хабарламасында.

Қазір осы 10 мың гранттың 2,5 мыңнан астамы әкімдердің, тағы мыңнан астамы жоғары оқу орындарының атынан талапкерлерге берілген. Қалған гранттарды "Қазақстан халқына" қоры, сондай-ақ жеке компаниялар қарау үстінде.

Министрлік 25 тамыздан кейін босатылған гранттардың саны белгілі болатынын атап өтті. Бұл гранттар да талапкерлер арасында бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу