Грант конкурсына 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді

358

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Грант конкурсына 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді Фото: ЖИ

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 2025 жылы грант конкурсына қатысуға 113 мың өтініш қабылданған.

Биыл бакалавриатқа 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. Оның ішінде гранттардың 60 пайызы инженерлік мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық бағыттарға, қалған 20 пайызы еңбек нарығындағы сұранысқа ие өзге мамандықтарға қарастырылған.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, талапкерлер ең көп таңдаған бағыттар қатарында "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Педагогикалық ғылымдар" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бар. Сондай-ақ биыл аудармашы, дипломат, заңгер, психолог және мұғалім мамандықтарына грант үшін бәсеке жоғары болады деп күтіледі.

"Білім беру гранттарын тағайындау туралы шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қоғам белсенділері кіреді", – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Еске салайық, грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу