Грант конкурсына қатысқандар саны былтырғыға қарағанда 11 мыңға көп

235

Бакалавриат бойынша 78 219 грант бөлінді.  

Грант конкурсына қатысқандар саны былтырғыға қарағанда 11 мыңға көп Фото: facebook.com/sayasat

Алдағы үш оқу жылына кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024-2025 оқу жылына бакалавр бойынша – 78 219 грант, магистратураға –13 113,  докторантураға 2919 грант  бөлініп отыр. 181 мыңнан астам талапкер екі мүмкіндікті ескере отырып, ҰБТ-ны 326 мың рет тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға жуық өскен. Үміткерлердің 81,43%-ы шекті балды еңсерді, 18,57%-ы еңсермеді", - деді Саясат Нұрбек.

Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылды.

"Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы гранттық конкурсқа 11 000 талапкер артық қатысты", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу