Грант конкурсына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады

399

Талапкерлер өтінімді жоғары оқу орындары арқылы немесе eGov порталы арқылы тапсыра алады.  

Грант конкурсына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады Фото: Ulysmedia.kz

 

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн, сондай-ақ eGov порталы арқылы тапсыра алады.

Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты, 3х4 көлеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом қажет. Сонымен қатар жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысатын талапкерлер растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Ал B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" білім беру бағдарламасына түсушілерден дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы талап етіледі.

Қосымша ақпаратты жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу