"Грантқа ие болды": Саясат Нұрбек министрлікті сотқа берген түлектер туралы айтты

326

Қазір сотта тек бір іс қаралып жатыр. 

"Грантқа ие болды": Саясат Нұрбек министрлікті сотқа берген түлектер туралы айтты Фото: tttu.edu.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа ілікпеген студенттердің арызына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Себебі талапкер мемлекеттік гранттың иесі. Жалпы іс өз-өзімен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана қаласының әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің және мемлекеттің грантын алған. Енді тек сот шешімін күтеміз", - деді ведомство басшысы Ақорда кулуарында.

Айтуынша, министрді сотқа берген талапкерлердің барлығы да грантқа ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу