Негізгі ҰБТ 16 мамыр – 7 шілде аралығында тапсырылады. ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусымда басталып 25 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым – 20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі) өтеді.
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым – 10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады. Шығармашылық емтихандар 7 шілде – 15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында болады.
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде – 20 шілде аралығында қабылданады.
Ал, грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан көруге болады.