"Грантқа түсіремін": Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

408

Елорда тұрғындары полицияға арызданған.

"Грантқа түсіремін": Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды Фото: inbusiness.kz

Астанада тұрғынды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана полицейлері қала тұрғынын колледжге грантқа оқуға түсіремін деп алдаған алаяқты қолға түсірді. Полицияға елорда тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз әйел педагогикалық колледждердің біріне оқу грантын алып беремін деп уәде беріп, 165 мың теңге сыйақы алған. Қалған сомманы кейін бересің деп алдаусыратқан. Ақшаны қолына алған соң байланысты сиретіп, кейін мүлдем хабарсыз кеткен.

Кейінірек, уәде етілген грант алаяқтың арбауы екенін түсінген әйел полицияға жүгінді. Алматы АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 41 жастағы әйелді анықтады. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Ол мойындау көрсетпелерін беріп, ақшаны қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу