Грантқа түспей қалған алматылық түлек министрлікті сотқа берді

276

Заңгердің айтуынша мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған 200-ден астам бала көмек сұрап келген.

Грантқа түспей қалған алматылық түлек министрлікті сотқа берді Фото: коллаж: inbusiness.kz

Алматылық талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медина Майсар жоғары балл алса да, грантқа түспей қалғанына, ал одан төмен алғандар грантқа ілігіп кеткеніне наразы.

"Кеше бірінші талапкер ғылым министрлігіне әкімшілік шағым түсірді. Өкініштісі, министрлік әлі күнге дейін өз қатесін мойындамай, заңға қайшы келіп, төтенше квота енгізуге құқығы бардай сыңай танытып отыр", – дейді заңгер Халида Әжіғұлова.

Оның айтуынша, мектеп бітіріп, мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған 200-ден астам бала көмек сұрап келген.

Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Әжіғұлова ондаған баланың сотқа шағымдануға ниетті екенін атап өтті. Осыған дейін Медина Майсар президентке үндеу жолдап, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу