Грантқа жеңілдік арқылы ие болған ауыл жастары мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз

1199

"Ауыл квотасы" бойынша білім гранттарын алған студенттер оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелген.

Грантқа жеңілдік арқылы ие болған ауыл жастары мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз

"Ауыл квотасымен" оқыған студенттер мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз болып шықты. Бұл туралы ЖОО бітірушілердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізетін "Қаржы орталығы" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Орталықтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта сотта "ауыл квотасы" шеңберіндегі мемлекеттік грант бойынша оқу шығындарын өндіріп алу туралы 68 арыз қаралуда. "Қаржы орталығының" пайдасына 877 сот актісі де шыққан екен. Өтемнің жалпы сомасы 1 миллиард 280 миллион теңгені құрап отыр. Бұл 2012-217 жылғы түлектердің берешегі.

"Ауылдарда мамандар тапшылығы байқалғандықтан, мемлекет ауылдық мектеп түлектері үшін белгілі бір жеңілдік жасаған болатын. Яғни олардың грантқа түсудегі шекті балы қала мектептерінің бітірушілеріне қарағанда төмен болды. Бірақ "ауыл квотасы" бойынша білім гранттарын алған студенттер оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті. Бұл педагогикалық, медициналық және ветеринарлық мамандықтардың түлектеріне қатысты", – дейді орталықтың директоры Асқар Ибраимов.

Асқар Ибраиовтың айтуынша, жас мамандардың барлығы бірдей аталмыш талапты орындамаған. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін медициналық, педагогикалық және ветеринарлық мамандықтар бойынша 16208 студент ауылдық квотамен мемлекеттік білім беру грантын алып, оқуды аяқтапты.

Қазір сот арқылы 381 жас маманмен бюджет қаражатының шығындарын өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Біз оларға міндетті түрде жұмыс істеу туралы хабарлама жібердік. Телефон арқылы келіссөз де жүргіздік", – деп атап өтті "Қаржы орталығында".

Айта кетейік, 2018 жылы аталған үш мамандық бойынша ауылға квота негізінде 2000-нан астам жас оқу бітірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу