Оған сәйкес педагогикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқу үшін үкімет бекіткен өңірлерге көшіп келушілер үшін белгіленген квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары оқу орнын бітіргеннен кейін осы өңірлерде кемінде 2 жыл жұмыс істейтін болады.
Осыған дейін оқу орны бойынша облыста 3 жыл жұмыс істеу керектігі жазылған болатын.
Аталған ережеге сәйкес, жұмыс істеуге жіберілетін өңірлердің тізімі: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Абай облысы, БҚО, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, СҚО, Ұлытау облысы, ШҚО.
Бұдан бөлек ақылы білім беруден грантқа және керісінше ауысқан кезде, сонымен қатар кейіннен қайта қалпына келтіру шартымен МБҰ-дан шығарылған жағдайда жұмыстан босату мерзімін есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Айта кету керек, Үкімет қаулысы 2022 жылдың 4 желтоқсанында күшіне енеді.