Греция Парламенті сайлауында оңшыл либералдар жеңіске жетті

594

Алдын ала есептеулер бойынша Мицотакис партиясы 40,8% дауыс жинап, оның партиясына 145 мандат берілді.  

Греция Парламенті сайлауында оңшыл либералдар жеңіске жетті Фото: Новости SB.BY

Грецияның 300 орындық Парламентіндегі абсолютті артықшылыққа бар болғаны 6 орын жетіспей қалды.

Премьер-Министр Кириакос Мицотакис бастаған "Жаңа демократия" оңшыл либералды партиясы жексенбілік парламенттік сайлауда 40%-дан астам дауыспен сенімді түрде жеңіске жетті, бірақ парламенттегі орындардың жартысынан астамын алу үшін тағы бір мәрте сайлау жариялануы әбден мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасар.

Мицотакис партиясы өткен сайлаудың қорытындысы бойынша биліктен шеттеткен солшыл Сириза партиясы бұл жолы небәрі 20,1% дауыс жинады.

55 жастағы Кириакос Мицотакис - Гарвард түлегі, бұрынғы қаржыгер. Пандемиядан кейін экономиканың тез қалпына келуін қамтамасыз еткен саясаткер грек сайлаушылары арасында бірден танымалдылыққа ие болды. Ол ел экономикасының ілгерлеуін 2021 жылы 8,3%-ға, ал өткен жылы 5,9%-ға көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу