Грекияда 9 мың мигрантты қайта көшірді

784

214 адамнан коронавирус анықталды. 

Грекияда 9 мың мигрантты қайта көшірді

Лесбосе қаласындағы өрттен кейін далада қалған 12 мың мигрант Мория лагеріне қоныстанған болатын. Енді Грекия билігі олардың 9 мыңын қайта қосып қоныстандырды. Бұл туралы елдің Миграция істері жөніндегі министрлігі хабарлады. 

БАҚ-тағы мәлімет бойынша мигранттардың басым бөлігі жаңа лагерьге қоныс аудару кезінде қарсылық танытқан. Алайда полиция оларға босқын статусы берілмейтінін айтып көндірген.  

Бұған қоса 214 мигранттан коронавирустық инфекция анықталған. 
Айта кететіні Грекия билігі босқындарды жаңа лагерьге көшірмес бұрын COVID-19-ға тест алады. 

Лесбостағы өртті тергей келе полиция 6 ауған азаматын қамауға алды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу