Грецияда бір күнде өрттің 45 ошағы тіркелді

342

Елде 20 шілде ең ыстық күн болады деп күтілуде. 

Грецияда бір күнде өрттің 45 ошағы тіркелді Фото: Anadolu Agency

Грецияда соңғы тәулікте аптап ыстық пен қатты желден 46 өрт ошағы пайда болды, деп жазады Inbusiness.kz.

Грецияның өрт сөндіру бөлімінің мәлімдемесінде алдағы күндері елдің көптеген аймақтарына "орман өрттерінің жоғары қаупі" туралы ескерту жасалғаны айтылған.

Мәлімдемеде аумағына ел астанасы Афина кіретін Аттика аймағындағы метеорологиялық жағдайлар орман өрттерінің қаупін арттырғаны көрсетілген.

Елде аптап ыстық 20 шілдеде болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу