Грецияда мигранттар қайығы батып, кем дегенде 17 адам қайтыс болды

416

100-ден астам адам құтқарылды. Италияға бет алған кеме Ливияның шығысындағы Тобрук ауданынан шыққан. 

Грецияда мигранттар қайығы батып, кем дегенде 17 адам қайтыс болды Фото: static.euronews.com

Грецияның оңтүстік жағалауында мигранттарды тасымалдайтын қайықтың батып кетуінен кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Ауданда ауқымды іздеу-құтқару операциясы басталды. Билік Грецияның Оңтүстік Пелопоннес аймағынан оңтүстік-батысқа қарай 75 шақырым жерде 104 адам құтқарылды деп хабарлады.

Италияға бет алған кеме Ливияның шығысындағы Тобрук ауданынан шыққан көрінеді. Италиялық Жағалау күзеті алғаш рет сейсенбіде грек билігі мен Frontex-ке келе жатқан кеме туралы ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу