Green Hat вирусы пайда болды

1244

Green Hat вирусы пайда болды

Қытайда мамырда әлемнің 150 елінің компьютерлерін зақымдаған WannaCry вирусына ұқсас жаңа компьютерлік вирус пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуына қарағанда, Green Hat вирусы пайдаланушыға операциялық жүйені іске қосуға мүмкіндік бермейді. Компьютер экранында ҚХР-да белгілі QQ (900 млн  астам пайдаланушы) мессенджері аккаунтының нөмірімен терезе пайда болады. Файлдарды шешу үшін пайдаланушы аккаунт нөмірі бойынша әзірлеушілермен байланысып, пароль алу үшін ақы төлеуі тиіс. Green Hat-тың ерекшелігі оның әзірлеушілері аккаунт нөмірлерін құпия ұстамауында.

12 мамырда белгісіз хакерлер 74 елде Windows операциялық жүйесімен компьютерлерді шабуылдады. Қаскөйлер WannaCry вирусын пайдаланды. Деректерді шешу үшін қылмыскерлер Bitcoin криптовалютасына $600 төлеуді талап еткен. Хакерлер АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі пайдаланған тыңшылық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу