Стамбулда өтіп жатқан байрақты додаға Қазақстан құрамасынан жеті балуан қатысып жатыр.
60 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымнан жарыстан шықты. Ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбиевке 2:9 есебімен есе жіберді.
77 келіде сынға түскен Тамерлан Шадукаев қырғызстандық Ақылбек Талантбеңовтен 4:6 есебімен жеңілді.
Қазақстан сапынан 87 келіде екі спортшы кілемге шықты. Азамат Құстыбаевты ирандық Танерисартанг Рамин 6:0 есебімен жолдан ығыстырса, Нұрсұлтан Тұрсынов жарысты сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда Световлав Николовты 10:1 есебімен жеңді.
Ал 77 келіде күрескен Демеу Жадыраев венгриялық Томаш Ларенцті 4:3 есебімен ұтып, жеңісті жолын жалғастыруда. Айта кетерлігі, оның алғашқы қарсыласы грек-рим күресінен әлем чемпионы болатын.
Айта кетерлігі, 82 келіде Асхат Ділмұхамедов жарақатына байланысты кілемге шыққан жоқ.