Ташкентте кадеттер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды olympic.kz.
Грек-рим күресінен 55 елі салмақта ел намысын қорғаған Дінмұхамед Қошқар өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, Азияның жеңімпазы атанды. Дінмұхамед финалда өзбекстандық Амирбек Солтановтан басым түсті.
Финалда ирандық Саджад Жавидтен 4:7 есебімен жеңілген Исхар Курбанов Азияның күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, қола медальді 45 келідегі Мақсат Ерманов жеңіп алды. Мақсат үшінші орын үшін болған белдесуде қытай балуанын 12:1 есебімен ұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу