Грек-рим күресінен өткен "Болат Тұрлыханов Кубогының" жеңімпазы анықталды

1029

Грек-рим күресінен өткен "Болат Тұрлыханов Кубогының" жеңімпазы анықталды

Данияр Қаленов грек-рим күресінен өткен "Болат Тұрлыханов Кубогы" турнирінің 66 келі салмақ дәрежесінде жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qsport.kz.

Жақында ғана Ашхабадта өткен Азия ойындарының жеңімпазы атанған Данияр "Болат Тұрлыханов Кубогы" турнирінің ақтық сынында азулы, тіс қаққан балуан Алмат Кебіспаевты ұтып, турнир жеңімпазы атағымен қоса 3000 АҚШ долларына ие болды. Жарыстан кейін балуанымыз Qsport.kz сайтының тілшісіне өз әсерімен бөлісті. Данияр өз сөзінде: "Өткен аптада Ашхабадтағы додадан кейін аздап шаршаңқы едім. Бұл турнирде ең үздік балуандар бас қосып, өзара мықтыны анықтайтын болған соң, мен де өзімнің мықтылығымды дәлелдегім келді. Жартылай финалда Әлемнің екі дүркін чемпионын ұтқан соң, ойымда тек жеңімпаз атану ғана болды. Әрине, Алматқа қарсы күресер алдында аздаған қобалжу болды. Дегенмен мен қазір нағыз спорттық бабымда жүрмін. Ақтық айқаста намысқа тырысып, жеңіс үшін аянып қалған жоқпын", – дейді Қаленов.

Айта кетейік, турнир тек Олимпиадалық салмақ дәрежелерінен өтті. Дәстүрлі жарыстың жүлде қоры да бұрынғыдай, биыл жалпы — 48 мың АҚШ доллар. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға — 3 000 АҚШ доллары табысталса, екінші орын үшін — 2 000 доллар, үшінші орындарға мың доллардан қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу