Грек-рим күресінен ұлттық құрама әлем кубогіне дайындықты бастады

1546

Оқу-жаттығу жиынының соңында ұлттық құраманың бас бапкері Бахтияр Байсейітов әлем кубогінде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жариялайды.  

Грек-рим күресінен ұлттық құрама әлем кубогіне дайындықты бастады

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Тегеранда өтетін әлем кубогіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогі алдындағы оқу-жаттығу жиындары Алматы қаласындағы "Достық" спорт кешенінде өтіп жатыр.

28-29 қараша күндері Тегеранда өтетін байрақты дода командалық жарыс форматында болады деп жоспарланған. Оған Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының нәтижесі бойынша үздік атанған 8 команда қатысады. Қазақстан құрамасы Иран, Ресей және Куба елдерінің командаларына қарсы белдеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу