Күрес түрлерінен Ұлан-Батырда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Грек-рим күресінің шебері, 67 келіге дейінгі салмқата сынға түскен Нұрбек Қызыров Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, 97 келідегі Олжас Сырлыбай да қарсылас шыдатқан жоқ.
60 келідегі Дастан Зарлыханов, 82 келідегі Қуанышбек Досжановтар күмістен алқа тақса, 77 келідегі Қахарман Қисметов пен ауыр салмақтағы Саркис Пшеничников қола жүлде жеңіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу