Грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

1100

Грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкентте грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты басталды, жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша ҚР ҚМ армия орталық спорт клубының спортшылары бір алтын мен екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

77 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы ефрейтор Асхат Ділмұхамедов үшінші мәрте Қазақстанның чемпионы атанды, бұран 2011 және 2016 жылдары ол 82 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен болатын.

"Бұл олимпиадалық салмаққа өту бұрыннан жоспарымда болатын. Шындығында, бұл санатты әлі толық игерген жоқпын, мұндағы барлық сайыс оңайға түскен жоқ. Енді осы салмақта Азия ойындарына дайындалатын боламын", - деді Асхат Ділмұхаммедов.

Армия орталық спорт клубының 60 келі салмақ дәрежесіндегі спортшысы Мейрамбек Айнағұлов пен 72 келі салмақ дәрежесіндегі Әбунасыр Өмірзақ қола жүлделерге ие болды. Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы 86 келі салмақ дәрежесіндегі кіші сержант Әділет Даулымбаев.

Шешуші сәтте армия палуаны, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Азамат Дәулетбеков жеңіске жетті. ҚР Қарулы Күштерінің қоржынына күміс әперген үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу