Грек жаңғағынан тосап жасайтын ерекше цех жұмыс істеп жатыр

1430

Грек жаңғағынан тосап жасайтын ерекше цех жұмыс істеп жатыр

Оңтүстік Қазақстанда жасыл жаңғақтан консервіленген тосап жасап шығаратын ерекше цех жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды blognews.kz.

Сарыағаштық кәсіпкер Бақыт Наурызбай өзінің шағын кәсіпорнында емдік тосаптарды өндіреді. Жасыл жаңғақ, асқабақ, мүкжидектен жасалған тосаптарды дүкен сөрелерінен кезіктіру қиын. Тосаптар қосындысыз тек табиғи өнімдерден жасалғандықтан оны қолданған кезде тек тоңазытқышта сақтау қажет.

Грек жаңғағынан жасалған тосаптар Әзербайжанда кең танымал. Сарыағаштық кәсіпкер бұл десертті біздің елде де жасауды дұрыс деп тапқан. Бақыт Наурызбай өнімді сатылымға шығармас бұрын, біліктілігі жоғары диетологтармен де кеңескен.

"Йод жетіспеушілігі жоғары біздің аймақ адамдары үшін мұндай тосаптар өте қажет. Жаңғақ тосабы бауырға пайдасын тигізіп, ұйқысыздық, тамақ ауруы, тұмау, жүйке аурулары, жүрек ұстамасынан емдейді. Сондай-ақ, гипертония мен атеросклерозға да пайдасы бар. Жаңғақ тосабы адамның ақыл-ойының дамуына да септігін тигізіп, адам иммунитетін жоғарылатады екен. Оны балалар да, жүкті әйелдер де тұтына береді", – дейді кәсіпкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу