Грекия ЭКСПО-2017 көрмесіне комиссарын тағайындады

804

Грекия ЭКСПО-2017 көрмесіне комиссарын тағайындады

Грекия ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі павильонына өзінің комиссарын ресми түрде тағайындады. Бұл лауазымға Грекияның экономика және даму министрлігінің бас хатшысы Илиас Ксантакос лайықты деп табылды. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Грекия үкіметінің тағайындау туралы шешімі бар ресми хат Афинадағы ҚР елшілігі арқылы "ЭКСПО-2017" комиссариатының комиссарына жіберілген.

Көрмеде Грекия өкілдері халықаралық экологиялық стандарттарға негізделген энергетикалық инфрақұрлымның нақты үлгілерін ұсынбақ. Жерорта теңізінде орналасқан мемлекет жаңғыртылатын энергия көздеріне қатысты мәселеде айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Оның үстіне "ЭКСПО-2017" көрмесі өтетін уақыт Грекиядағы жаппай демалысқа шығатын уақытпен сәйкес келіп отыр.

Айта кетейік, Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бүгінде оған 112 ел мен 18 халықаралық ұйым өкілдері қатысатынын растаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу