Грекия Қазақстаннан турист тартуға қызығушылық танытып отыр

758

Грекия Қазақстаннан турист тартуға қызығушылық танытып отыр

Афины қаласында Қазақстан елшісі Алексей Волковтың Грекияның туризм министрі Елена Кундурамен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасында логистикалық және көлік байланысын орнату және дамыту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған туризм саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Алексей Волков Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің өтетіні және оған әлемнің, соның ішінде Грекияның туристік, сараптамалық және саяси топ өкілдері қатысатынын еске салды.

Сондай-ақ елші гректерді Қазақстан спорттық және экологиялық туризм, ландшафт түрлері, қозғалмаған және қорық аймақтары жағынан қызықтыратынын да айтып өтті. Қазақстандық дипломат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекия азаматтары үшін біздің елімізге кіру үшін күнтізбелік 30 күнге дейін визасыз режим қолданылатынын да еске салды.

Елена Кундура Қазақстан туристерін теңізде отбасымен демалуға ғана емес, сонымен қатар медициналық, сауықтыру, танымдық және діни туризм жүргізу үшін де тартуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстанда тұратын көп санды грек диаспорасы достық қарым-қатынасты дамыту көпіріне айналуы мүмкін екенін айтты.

Министр өзара қызығушылықты ескере отырып, ведомствоаралық ынтымақтастық мәселесін талқылау және тиісті меморандумға қол қою үшін жуық арада Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу