Грекия маңында паромдағы өрттен кейін 10-нан астам адам із-түзсіз жоғалды

1070

Бортта 239 жолаушы мен 51 экипаж мүшесі болған.

Грекия маңында паромдағы өрттен кейін 10-нан астам адам із-түзсіз жоғалды

Грецияның солтүстік-батысында Euroferry Olympia паромындағы өрттен кейін 11 адам із-түзсіз жоғалған деп саналады, деп жазды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

Агенттіктің хабарлауынша жергілікті шенеуніктер кеме капитаны эвакуациялау туралы бұйрық бергенде, паромнан қанша адам шыға алғанын анықтауға тырысқан.

Грекияның жағалау күзеті Euroferry Olympia бортында 239 жолаушы мен 51 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Ион аралдарының губернаторы Роди Кратц-Цагаропулудың айтуынша, жолаушылардың көпшілігі Италия азаматтары болса, экипаж мүшелері гректер мен итальялықтар болған.

Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Алайда кеменің Грекияның Игуменица қаласындағы портынан шыққаннан кейін көп ұзамай өртенгені белгілі болды.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлар өрттің паромды түгел дерлік шарпығанын көрсетеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу