Air Astana әуекомпаниясы Грекияның Ираклионы мен Черногорияның Подгорицасына маусымдық рейстерді қайта бастайды, деп жазады Inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Рейстер Алматыдан орындалады. Ираклионға аптасына 3 рет – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, Подгорицаға аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және сенбі күндері ұшуға болады.
Сондай-ақ, Астанадан Подгорицаға дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері рейс ашылады.
Қазақстан азаматтарына Грецияға бару үшін Шенген визасы қажет екенін еске саламыз. Ал Черногория мен ҚР арасында 30 күнге дейін визасыз режим қабылданған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу