Anonymous Greece грек хакерлер тобы түріктің TSKB банкінің сайтын бұзып кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости.
25 маусым күні таңертең Anonymous Greece тобы фейсбуктегі парақшасында Түркияның банктері мен биржасына шабуыл жасаймыз деп жазды. "Түріктің TSKB банк жүйесі құлады. Түріктер, естеріңде болсын, қорғанудың ең дұрыс тәсілі - шабуыл", - деп жазған парақшада. Сонымен қатар банк сайтының тоқтап қалғаны көрсетілген скриншотын да жариялады. Бұған дейін 300 - ден аса түрік сайтын бұзып кірдік дейді олар. Грек хакерлері бұл әркетті Грекияның премьер- министрі Алексис Ципрастың ресми сайтына жасалған кибершабуылға жауап ретінде жасаған.
Бұл киберсоғысқа түріктердің Стамбулдағы Әулие София шіркеуінде Құран оқығаны себеп болған. Сонымен бірге, түрік хакерлері Грекияның премьер- министрі Алексис Ципрастың ресми сайтын бұзуы да соғысты өршіткен. Жауап ретінде гректер 100 шақты түрік сайтын бұзамыз деп тісін қайраған болатын.
Хакерлер түрік президенті Тайип Эрдоганның шіркеудегі құлшылық кезінде талып қалғанын да мазақ қылды.