Экономика және қаржы жөніндегі еурокомиссар Пьер Московисидің айтуынша, бұл ел алдағы уақытта қаржы түйткілдерін өздігінен шешуге қауқарлы. Ол сегіз жылға созылған дағдарысты еңсеруге, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткенін алға тартты.
Грекияға көмек көрсету бағдарламасы тамызда аяқталады. Оған дейін үкімет қарызды өтеу үшін жеткілікті соманы жинауға тиіс. Ал халықаралық валюта қоры өкілдерінің баяндауынша, Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері Афинге қосымша қаржы құюы қажет.
Гректердің өздері елге көрсетілген көмектің кесірінен келешекте зейнетақы мен жалақы қысқарып, салық мөлшері өсуі мүмкін екенін айтады.
Дағдарыс кезінде елдің жалпы ішкі өнімі 25%-ға төмендеді. Жұмыссыздық көбейіп, жалақы мен зейнетақы 2010 жылдан кейін 40%-ға қысқарды. Ал 500 мыңға жуық маман жұмыс іздеп, басқа мемлекеттерге қоныс аударды.