Грекия Украинаға АҚШ-тан сұйытылған газ жеткізеді

166

Украина мен Грекия энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтады. 

Грекия Украинаға АҚШ-тан сұйытылған газ жеткізеді Фото: gov.kz

Енді АҚШ-тың сұйытылған табиғи газы Грекияның порттарынан Оңтүстік-Шығыс Еуропаға, одан әрі қарай Украинаға жеткізілмек. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Грекияға сапары барысында тиісті келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 қараша күні Грекияның DEPA газ компаниясы мен украиналық "Нафтогаз" ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сұйытылған табиғи газдың жеткізілімі желтоқсан айында басталып, наурызға дейін жалғасады. Алдағы жылдары да бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру көзделіп отыр. 

"Біз украин халқын қолдаймыз", – деді Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис.

Зеленскийдің сөзінше, газ жеткізілімі қолда бар құбырлар арқылы жүргізіледі. Ол Ресейдің елдегі газ қоймаларына шабуыл жасап жатқанын еске салып, Грекияға және АҚШ президенті Дональд Трампқа газ дәлізін кеңейтуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

"Бізде газ импортын қаржыландыруға қатысты келісімдер бар. Біз ресейлік шабуылдар салдарынан елдегі өндірістің шығындарын жабу үшін газ импорттауға шамамен 2 миллиард еуро қажеттілікті жабамыз", – деді Украина басшысы.

Украинаны қыста газбен қамту үшін қаржыландыру ісіне украин банктері мен Норвегия да қатысты. Ресей соңғы айларда Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына соққыларды үдетті. Шабуылдың салдарынан Украинадағы газ өндірісінің шамамен 60%-ына зиян келді. 

Зеленский Грекиядан кейін Франция мен Испанияға аттанады. Үш елдегі келіссөздерде Украинаны Ресейдің әскери қысымынан аман алып қалу, елге қару-жарақ пен энергетикалық ресурстарды одан әрі жеткізу сөз болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу