Грекия үш аптаға созылатын локдаун енгізді

525

Бұған дейін осындай қадамға Британия барған еді.

Грекия үш аптаға созылатын локдаун енгізді

Грекия үкіметі індетті тежеу үшін 3 аптаға созылатын локдаун жариялады. Бұған коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуі себеп болып отыр. 
Ел премьері Кириакос Мицотакистің айтуынша, карантин режимі 7 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін созылмақ. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Еуропа елдерінің біртіндеп шектеу шараларын күшейте бастағаны жарияланған еді. 5 қарашадан бастап Британияда локдаун енгізілсе, Кипр билігі осы айдың аяғына дейін коменданттық сағат жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу