Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті

604

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті. Салдарынан 16 адам ажал құшты. Қаза тапқандардың кейбірінің мәйіті Лесбос аралының маңынан, ал қалғаны Түркия жағалауынан табылған.

Қаза тапқандар арасында балалар мен әйелдер бар. Құтқарушылар 2 адамды аман алып қалған. Олардың бірі аяғы ауыр келіншек болып шықты.

Халықаралық көші-қон ұйымының хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы 3 айында Еуропаға теңіз арқылы 27 мың 500 босқын келген. Оның 80 пайызы Италияға табан тіресе, қалғаны Грекия мен Испания шекарасынан асқан. Сондай-ақ 650-ден астам мигрант қауіпті сапар кезінде көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу