Грекия астанасы Афина қаласының орталығында болған COVID-19 вакцинациясына қарсы жаппай ереуілді тарату үшін жергілікті полиция көзді жасаурататын газ қолданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, Синтагма алаңына 3,5 мыңға жуық адам жиналған. Полиция қызметкерлері олардан жолды босатуды сұрағаннан кейін, тәртіпсіздіктер басталып кеткен. Ереуілшілер тәртіп сақшыларына бөтелкелер мен басқа да заттарды лақтыра бастаған. Оларды басу үшін полиция арнайы күштерінің сарбаздары көзден жас ағызатын газ бен суатқыштарды қолдануға мәжбүр болды.
Наразылық шарасына қатысқан бес адамның қамауға алынғаны жарияланды. "Авги" газетінің дерегіне сүйенсек, бас көтергендердің басым бөлігі – тым оңшыл партиялардың жақтаушылары.
Табиғат Нұрболат