Грекияда аптап ыстыққа байланысты далада жұмыс істеуге тыйым салынды

398

Грекияда аптап ыстықтың күшеюіне байланысты бүгін сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін ашық аспан астында жұмыс істеуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Грекияда аптап ыстыққа байланысты далада жұмыс істеуге тыйым салынды Фото: ЖИ

Ведомствоның хабарлауынша, күндіз ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды. Осыған байланысты Орталық Грекия, Фессалия, Пелопоннес түбегі және Аттика өңірлерінде құрылыс алаңдары, кеме жасау зауыттары, курьерлік қызметтер мен ашық ауада атқарылатын басқа да жұмыстар төрт сағатқа тоқтатылды.

Сонымен қатар денсаулығында кінәраты бар кеңсе қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, қарттарға және қауіп тобына жататын азаматтарға қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Грекияның Ұлттық метеорология қызметі 19 шілдеден бері жалғасып келе жатқан аптап ыстық бүгін ең жоғары деңгейіне жететінін болжады.

Аттика, Беотия, Фтиотида, Арголида, Фессалия және Коринфия өңірлерінде ауа температурасы 40 градустан жоғары болады деп күтілуде.

 Ал Фессалияда сынап бағаны 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұдан бөлек, Крит аралында, Пелопоннес түбегінде, Эгей теңізінің оңтүстігіндегі аралдарда және өзге де бірқатар аймақта аптап ыстықпен қатар шөлден көтерілген шаңның таралуы болжанып отыр.-

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу