Грекияда аралдың өртенуіне қазақстандықтардың қатысы жоқ боп шықты

271

Ұсталғандар ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. 

Грекияда аралдың өртенуіне қазақстандықтардың қатысы жоқ боп шықты Фото: Facebook/ epoxikoipirosvestes

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Грекияда Қазақстан азаматтары отшашу жасап, орман өртеді" деп БАҚ таратқан ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған, – делінген хабарламада.

Грекияның бұқаралық ақпарат құралдары 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтада отшашу ата бастағаны жөнінде ақпарат таратты. Салдарынан қарағайлы орманда өрт басталған. Кейінірек оқиғаға қатысы барлар, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Олардан Вульягмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынатыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та қазақстандықтар Грекиядағы аралдардың бірін өртеп жібергені туралы ақпарат тараған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу