Грекияда "Бора" дауылы соғып, толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқыны мен көшкінге ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Родос аралында жолдар мен көпірлер қирап, қозғалысқа тыйым салынды. Лемнос аралында екі адам қаза тапты. Контия ауылының тұрғындары эвакуацияланбақ.
Родос аралында жолдарға қатты зақым келіп, көпірлер қирағандықтан, жергілікті билік қозғалысқа тыйым салды. Дүйсенбі күні мектептер жабылады. Жергілікті тұрғындарға көшеге шықпау ұсынылды.
Оңтүстік Эгей аралдары аймағының губернаторы Гиоргос Харзимаркостың айтуынша, сенбі күні Родоста жаңбыр 16 сағат бойы тоқтамай, жауын-шашын мөлшері 300 мм-ге жеткен. Бұл қазан айының соңында Испанияның Валенсия аймағында болған алапат су тасқынындағы су көлемінің 80%-на тең.