Грекияда карантинге қарсы ереуілдер болды

900

Жарақат алғандар туралы мәлімет әзірге жарияланбады.

Грекияда карантинге қарсы ереуілдер болды Фото: ria.ru

Грекия астанасы Афина қаласының маңындағы Аспропиргос қалашығының тұрғындары карантин шараларына қарсы ереуілге шығып, оның арты тәртіпсіздіктерге ұласты. Бұған жергіліктің биліктің шектеулерді 6 қаңтарға дейін созуы себеп болған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

17 желтоқсанда Аспропиргос, Элевсин және Мандра елдімекендерінде науқастар санының күрт өсуіне байланысты бір аптаға карантин енгізілген еді. Бастапқыда шектеулер 30 желтоқсанға дейін, кейін 6 қаңтарға дейін ұзартылды. 

Наразы топ Горица ауданына жиналып, бейбіт түрде шеру ұйымдастырмақшы болған еді. Алайда бас көтергендердің біразы тәртіп сақшыларына шабуыл жасай бастаған. Оларды тарқату үшін полицейлер көзді жасаурататын газ қолданды. 
Ресми дерек бойынша, тәртіпсіздікті 100 шақты адам ұйымдастырған. Жарақат алғандар туралы мәлімет әзірге жарияланбады. Пандемия басталғалы Грекияда коронавирус дертіне 133 мыңнан астам адам шалдықты. Оның 4402-сі аурудан қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу