Грекияның Дедеагадж қаласындағы (Александруполис) соғысқа қарсы демонстранттар тобы теміржол жолдарында баррикада жасап, АҚШ пен НАТО-ға тиесілі танктерді тасымалдайтын пойызды жауып тастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Anadolu-ға сілтеме жасап.
Грекия Коммунистік партиясының (ККЕ) бір топ мүшелері Дедеагадждағы теміржол желісінде соғысқа қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияға қатысушылар: "Бұл қала империалистік бекініс емес, халықтар айлағы" деген ұрандарды шырқады.
Митинг кезінде Палестина тулары көтеріліп, "кісі өлтірушілер, үйлеріңе оралыңдар" деп жазылған қағаз беттері көрінді.
Украинадағы соғыстан кейін Түркия мен Болгария шекараларына жақын орналасқан Дедеагадж НАТО-ның әскери техникасын Румыния мен Болгария арқылы Шығыс Еуропаға жеткізудің балама бағыты болды.