Грекия астанасы Афинаға жақын жерде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Өрт шаһардан 50 шақырымдай жердегі таулы аудандағы қарағайлы орманнан шыққан. Бірақ лаулаған жалынның түтіні Афинаға дейін жетіп, шаһарды тұмшалай бастады. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 88 адам жараланды. Олардың 11-і ауыр халде жатыр.
Сондай-ақ өрттен бірнеше ондаған көлік пен баспана зақымдалды. Елдегі туристердің күйі тайып, отандарына оралу жағын қарастырып жатыр.
Қазір тілсіз жаумен бірнеше бригада күресіп, 3 ұшақ пен 2 тікұшақ жұмылдырылды. Бірақ мамандар қатты жел оны сөндіруге кедергі келтіріп отырғанын айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу