Грекияда өткен "Афродита" кубогінің бес медалі қазақстандық гимнастарға бұйырды

852

11-13 наурыз аралығында өткен турнирге жасөспірімдер мен ересектер қатысқан болатын. 

Грекияда өткен "Афродита" кубогінің бес медалі қазақстандық гимнастарға бұйырды

Грекияда көркем гимнастикадан "Афродита" кубогі халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық гимнастар жүлделі орындармен көзге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Жасөспірімдер арасындағы додада Эрика Жайлауова таспа жаттығуы бойынша қола жүлдегер атанды. Милана Парфилова шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алған. 

Ересектер арасындағы сында Роза Абитова таспа жаттығуынан қола медаль иеленді. Баян Қойбағар ұршық жаттығуынан күміс, Сабина Бақатова шығыршықпен жаттығуда қоланы қанағат тұтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу