Грекияда әскерилер мен құтқарушылар су басқан аудандардан тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Тұрғындар үшінші күн қатарынан ас-сусыз отыр.
Апаттан зардап шеккен аймақтарда жолдар су астында қалды, көпірлер істен шықты. Елдімекен тұрғындары көмек күтіп, үйлерінің шатырында отыр.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқынына ұласқан нөсер сейсенбіде басталды. Салдарынан кемі 6 адам опат болды. Тағы алтауы хабар-ошарсыз кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу