Грекияда украиналық жүк ұшағы апатқа ұшырады

624

Экипаждың 8 мүшесі де ажал құшты.

Грекияда украиналық жүк ұшағы апатқа ұшырады

Грекияның солтүстігіндегі Кавала қаласының маңында укрианалық Ан-12 жүк ұшағы құлап, экипаждың 8 мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың мәйіті қирандылар астынан шығарылып, сараптамадан кейін жергілікті ауруханаға жіберілді.

Тексеру барысында ұшақ құлаған жерде қауіпті заттардың жоқ екені анықталды. 

Украинаның Meridian әуе компаниясына тиесілі Ан-12 жүк ұшағы Грецияның солтүстігіндегі Кавала қаласының маңында 17 шілдеде апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 11 тонна көлемінде қару болған. Жақын маңда тұратын адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді.

Flightradar24 сайтының хабарлауынша, ұшақ Сербияның Ниш қаласынан Иорданияның астанасы Амманға дейін бара жатқан, онда ол жанармай құю үшін тоқтауы керек болатын. Ұшқыш қозғалтқыштағы ақауға байланысты Грекияның Кавала қаласының әуежайына шұғыл қонуды сұраған, бірақ ұшақ ұшу-қону жолағына жете алмай өртеніп кеткен.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу