Грекияда украиналық Meridian авиакомпаниясына тиесілі Ан-12 жүк ұшағы апатқа ұшырап, экипаждағы сегіз адамның бәрі қаза тапты.
Стефанович жексенбіде өткен баспасөз мәслихатында ұшақпен Бангладешке минометтерге арналған 11,5 тонна сербтің оқ-дәрілері тасымалданғанын айтты. Ан-12 Сербияның Ниш қаласынан шығып, Иордания астанасы Амманда аралық аялдама жасауға мәжбүр болды.
Сенбі күні кешке ұшақ Грецияның солтүстігіндегі Кавала қаласының маңында құлады.
Грек армиясының ядролық, биологиялық және химиялық материалдарды іздеумен айналысатын арнайы бөлімшесі ұшақ құлаған жерді тексереді.
Апат болған жерден шыққан қатты иіске байланысты жақын екі елді мекеннің тұрғындарына терезелерді жабық ұстау, үйлерден шықпау және бетперде тағуға кеңес берілді.