Грекияда жаңа президент сайланды

134

Грекияда президент жалпы дауыс беру арқылы емес, парламент бес жылға сайлайды.

Грекияда жаңа президент сайланды Фото: kathimerini.gr

Грекия парламенті "Жаңа демократия" билеуші консервативті партиядан кандидат, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Kathimerini" басылымына сілтеме жасап.

К. Тасуласты сайлау биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың құзіреті 13 наурызда аяқталуына байланысты парламентте төртінші рет дауыс беру арқылы өтті.

Болашақ президент 160 дауыс жинады. Дауыс беруге парламенттің 300 мүшесінен 276-сы қатысты. Кандидат 151 дауыс жинағаны белгілі болды.

Парламенттегі 300 орынның 156-сы билеуші "Жаңа демократия" партиясының депутаттарына тиесілі.

Президентті ұлықтау рәсімі биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың билеу мерзімі бітетін күн – 13 наурызға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу