Грекиядағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57-ге жетті

463

Грекия тарихындағы ең үлкен теміржол апатынан зардап шеккендердің саны 57-ге жетті, құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Грекиядағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57-ге жетті Фото: azattyq-ruhy.kz

Ларис маңында тауар құрамымен соқтығысқан Афина-Салоника пойызы жолаушыларының жақындары мен туыстары әлі күнге дейін бір хабар ала алмай отыр, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып, металл астынан тірі қалғандарды шығарып жатыр. Өрт сөндірушілердің айтуынша, пойыздың вагон-мейрамханасы соқтығысқаннан кейін бірден жанып кеткен, ондағы температура 1300°C-қа дейін барған.

Бүкіл Грекия халқы қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көмек беру үшін қан тапсыра бастады. Қан тапсыру пункттерінде ұзын-сонар кезек тұр. Қызыл Кресттің грек филиалы өкілдерінің айтуынша, ауқымды ынтымақтастық науқанының бірінші күні ғана оның қызметкерлері 270 контейнер қан жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу