Грекияның іскерлік миссиясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісім жасалды

622

Қазақстанның Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев пен Грекияның Даму және инвестициялар министрі Адонис Георгиадистің өткізген кездесуі барысында екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында биыл Грекияның іскерлік миссиясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Мұнымен қоса, Министр Грекияның іскер топтары өкілдерінің делегациясын басқаруға өз қолына алуға дайын екендігін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грекияның іскерлік миссиясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісім жасалды

Оның пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанның рөлі оның маңызды геостратегиялық орналасуына орай артып келеді. Осы тұрғыда А. Георгиадис Еуразиядағы сенімді серіктес ретінде Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Министр Қазақстанның Грекия үшін жаһандық энергетикалық аренадағы негізгі субъект ретінде ғана емес, экономикасын әртараптандыру бойынша реформаларды жүргізіп жатқан ел ретінде де қызықты екенін мәлім етті.

Өз кезегінде Қазақстан елшісі сұхбаттасын "Жаңа Қазақстан" стратегиясымен және елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу