АҚШ-тың дыбыс жазу академиясы коронавирус пандемиясына байланысты "Грэмми" музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімін 14 наурызда өткізу туралы шешім қабылдады. Бұған дейін салтанатты шара 31 қаңтарға белгіленген еді.
"Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен, шара жүргізушілерімен және әртістермен осыған қатысты пікір алмасқаннан кейін, біз 63-ші марапаттау рәсімін 2021 жылдың 14 наурызында өткіземіз деп шештік", – деп жазылған ұйымдастырушылардың ресми хабарламасында.
"Грэмми" номинанттары 25 қарашада жарияланған болатын. Әнші Бейонсе тоғыз аталым бойынша бағын сынамақ. Тейлор Свифт, Дуа Липа және Roddy Ricch есімді хип-хоп орындаушысы алты аталымға ұсынылды.
Табиғат Нұрболат
Фото: pitchfork.com