"Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова да марапатталды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды", – деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында.