Гренландия бойынша келіссөздер нәтижесіз аяқталды

369

Солтүстік мұзды мұхиттағы арал бойынша кездесу көңіл көншітпейді.    

Гренландия бойынша келіссөздер нәтижесіз аяқталды Фото: Lucas Jackson, Reuters

АҚШ, Дания және Гренландия өкілдері Вашингтонда өткен келіссөзде келісімге келе алмады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Ақ үй тарапынан вице-президент Джэй Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио Дания сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді және Гренландия сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдті қабылдаған еді.

Данияның сыртқы істер министрі келіссөздер ашық әрі конструктивті болғанын, алайда Дональд Трамп райынан қайтар емес екенін айтады. Ол сондай-ақ Дания мен Гренландия арал аумағында АҚШ-тың қосымша әскери базаларын ашуға қарсы еместігін жеткізді.

Енді алып аралдың тағдырын шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Алдағы апталарда тараптар қайта бас қосып, бір мәмілеге келуге тағы да тырысып көрмек.

Ал Reuters агенттігінің дереккөздері АҚШ билігі Гренландия тұрғындарын Даниядан бөлініп, АҚШ-қа қосылуға үгіттеу үшін әр адамға бір реттік 10 мыңнан 100 мың долларға дейін төлем беру мүмкіндігін де талқылағанын хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу