Грэпплинг қауымдастығы қысқы маусымды қорытындылады

832

Грэпплинг қауымдастығы қысқы маусымды қорытындылады

2018 жылдың 5 сәуірінде QAZAQ BATYRY жекпе-жек Академиясында ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин көктемгі спорт маусымына жоспарлаған жобаларымен бөлісті. Сонымен қатар, қысқы маусымда жеткен толайым жетістіктеріне де тоқтала өтті.

Әлемдік тәжірибелерді зерттей келе грэпплинг қауымдастығы "Мектеп лигасы" ҚБ бірлесіп "School Grappling League" жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде "Білім - инновация" лицей базасында Астана және Қостанай қалаларында факультативті сабақтар ашылды. Жақында спорттық ұйым Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімінен қолдау алған болатын. Жалпы білім беру мекемелерінде енді тегін грэпплинг секциялары белсенді түрде ашыла бастайды. Баспасөз конференциясы барысында Қауымдастық басшысы Қанат Төлеубекұлы мен "Мектеп лигасы" қоғамдық ұйымының төрағасы Нұрлан Иргизбаев ынтықмақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Қысқы маусымды қауымдастық халықаралық "Astana Open 2018" турнирімен бастады. Астана қаласында өткен бәйгеге әлемнің алты елінен келген 600 астам спортшы қатысты. Қазақстан, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Үнді елдері жылдың басты додасында бақталасты. Айта кету керек, аталмыш халықаралық турнир қатарынан үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Келесі кезекте Жастар Сарайында ересектер және ардагерлер арасында 10-11 ақпан күндері аралығында Астана қаласында өткен грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге жуық спортшы қатысты. Турнир нәтижесіне сәйкес Ұлттық құрама жасақталды.

Қазақстан Ұлттық құрамасы грэпплингтен Бішкекте өткен Азия біріншілігінде 30-дан астам медаль (12 алтын, 12 күміс және 9 қола) және бірінші жалпы командалық орынды қанжығасына байлады.

1 сәуір күні QAZAQ BATYRY KIDS турнирі ұйымдастырылды. Қазақстандық балалар кілемінде аса үлкен сұранысқа ие жарысқа екі жүзден астам 4-тен 11 жасқа дейінгі кішкентай палуандар қатысты.  Ал 7 және 8 сәуір аралығында Жастар Сарайында балалар, жастар және юниорлар арасында ҚР чемпионаты өтеді.

Баспасөз конференциясы барысында Қауымдастық деректі фильмдер легімен таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу