Грэпплингтен өтетін халықаралық турнирге бес елден 700-ден аса спортшы қатысады

862

Өткен жылы Үндістан, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан елінің өкілдері келген еді.

Грэпплингтен өтетін халықаралық турнирге бес елден 700-ден аса спортшы қатысады

26-27 қаңтар күндері, "Көрме" орталығында "ASTANA OPEN 2019" халықаралық ашық турниріне 700-ден астам спортшы келеді деп күтілуде. БАӘ, Бразилия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің грэпплинг күресінің мықтылары Астанада жиналады.

Аталмыш турнир жыл сайын күндізбелік кестені бастап, дәстүрге айналды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Үндістан, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері келген еді.

Айта кетейік, грэпплинг – дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің бір түрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу